Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгерім Жылқыбаева Қарағанды облысы Білім басқармасының алаңында демалыс кезінде оқушылардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі облыстық ведомствоаралық кеңеске қатысты.
А.Жылқыбаева қала сыртындағы маусымдық балалар сауықтыру ұйымдарын ашу объектінің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған кезде ғана мүмкін болатынын атап өтті, кеңеске қатысушыларға “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың жаңа форматын түсіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1200122?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау