Қала тұрғындары мен қонақтарына Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі Абай даңғылының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 14 пен 20 сәуірі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Жүргізушілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескерулерін сұраймыз.
Аталған өзгерістерге түсіністікпен қарап, баламалы кіреберіс жолдарды пайдалануларыңызды өтінеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1200077?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау