“Қару” ЖПІШ: Абай облысында заңсыз айналымнан 43 патрон алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10–14 сәуір аралығында Абай облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ заңсыз айналымдағы атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды анықтап, тәркілеуге бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – заңсыз сақталған қару-жарақтарды анықтау, азаматтардың қаруды сақтау және пайдалану ережелерін сақтау деңгейін бақылау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін нығайту.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері тұрғындардың қаруды сақтау мен қолдану тәртібіне ерекше көңіл бөлуде. Әрбір азаматқа қаруды заңға сәйкес сақтау және қауіпсіздік шараларын қатаң орындау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, тіркелмеген және заңсыз айналымдағы қаруды анықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында:

Заңсыз айналымнан 7 бірлік тегіс ұңғылы қару және 43 дана тегіс ұңғылы қаруға арналған патрон тәркіленді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қаруды заң талаптарына сәйкес сақтау, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде хабардар ету жұмыстарын жалғастырады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан полиция қызметкерлері заңсыз қаруға қарсы күресті үздіксіз жүргізіп, тұрғындарды құқықтық тәртіпке шақыруда. «Қару» іс-шарасы – қауіпсіз қоғам құрудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1200744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version