Қауіпсіз әрі сапалы косметикалық өнімді қалай таңдау керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Қазіргі нарықта парфюмерлік-косметикалық өнімдердің кең ассортименті ұсынылған. Осыған байланысты қауіпсіз және сапалы құралдарды таңдау ерекше маңызға ие.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін немесе сатылатын барлық парфюмерлік-косметикалық өнімдер, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға арналған тауарлар «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР ТС 009/2011) талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Косметика мен парфюмерияны таңдау бойынша ұсынымдар:

  • өнім туралы толық әрі шынайы ақпараттың болуына назар аударыңыз;
  • жарамдылық мерзімін, сондай-ақ сақтау шарттарын және олардың сатылым кезінде сақталуын тексеріңіз;
  • ықтимал аллергиялық және тітіркендіргіш реакциялардың алдын алу үшін өнімнің құрамын мұқият зерттеңіз;
  • өнімнің мақсатын, қолдану тәсілін және мүмкін болатын қарсы көрсетілімдерін ескеріңіз;
  • парфюмерияны таңдағанда, алдымен сынама үлгілерін пайдаланып, иісті тексеріңіз;
  • сатушыдан өнімнің заңнама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (сәйкестік сертификаты немесе декларациясы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) талап етіңіз.

Комитет интернет-дүкендерден, сондай-ақ өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттары жоқ сауда орындарынан косметикалық өнімдерді сатып алуды ұсынбайды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1200307?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version