ҚАЖ қызметкерлері сотталғандар арасында шахматтан турнир ұйымдастырды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          

 

            Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті. Іс-шара сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және олардың әлеуметтік пайдалы белсенділігін дамытуға бағытталған бағдарламалар аясында ұйымдастырылды.

          Турнирдің бас төрешісі ретінде Қазақстан Республикасының ұлттық санаттағы төрешісі, Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаттықтырушысы Мұрат Окасов шақырылды.

         Жарысқа 50-ден астам сотталған қатысты. Турнир бекітілген регламентке сәйкес, барлық қауіпсіздік талаптары мен белгіленген тәртіпті сақтай отырып өткізілді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жинақылық пен қарсыластарына деген құрметті көрсетті.

           Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға грамоталар табысталды. Үздік қатысушылар белсенді өмірлік ұстанымы мен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы үшін мекеме басшылығы тарапынан атап өтілді.

           – Шахмат — логикалық және стратегиялық ойын. Ол ойлауға, жоспарлауға және шешім қабылдауға үйретеді, есте сақтау қабілетін, зейінді және төзімділікті дамытады. Бұл ойын адамды тек тақта басында ғана емес, өмірде де шыңдайды. Менің ойымша, сотталғандар үшін шахмат пайдалы әдетке айналуы тиіс, – деді Қазақстан Республикасының ұлттық санаттағы төрешісі Мұрат Окасов.

             – Мұндай жарыстар бізге күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт алшақтап, ойымызды жинақтауға және өзімізге деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Шахмат дамуға және ішкі тәртіпті сақтауға көмектеседі, – деді сотталғандардың бірі.

              – Осындай бастамалар сотталғандардың конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, жауапкершілікті арттыруға және салмақты шешім қабылдау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бұл – бостандыққа шыққаннан кейінгі табысты әлеуметтік бейімделудің маңызды факторы. Мекемеде жүйелі түрде мәдени-танымдық, білім беру және спорттық жобалар жүзеге асырылып келеді. Олар заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1200618?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version