09.04.2026 жылы Қордай аудандық орталық ауруханасында №3 МӘС бөлімінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында:
2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылғы мүгедектік көрсеткіштері талқыланды
Алғашқы мүгедектікке шығу, қайта куәландыру және оңалту нәтижелері қарастырылды
Сырттай-проактивті сараптамаға құжаттарды сапалы әрі уақытылы жолдау мәселелері көтерілді
Қателіктердің алдын алу және жауапкершілікті арттыру бойынша ұсыныстар берілді
Сонымен қатар, МӘС қызметінің өзекті мәселелері, абилитация және оңалту бағыттары бойынша дәрігерлермен сұрақ-жауап форматында талқылау өтті.
Мұндай кездесулер медициналық қызмет сапасын арттыруға және құжаттарды рәсімдеудің тиімділігін жақсартуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1200415?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау