Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026  жылдың  18  сәуірі  күні сағат 8:00-де Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне, оның ішінде ет өнімдерін сатуға бөлінген 1 қатардың 11 орнында  Байғанин, Қобда, Ойыл аудандарының және Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар, «Ауыл аманаты» жобасының өнімдері де ұсынылады.

Сонымен бірге, 18 сәуірі  күні сағат 9:00-де «Алтай» базарында және Есет батыр тұрғын алабы, 1 шағын ауданында («Дина» супермаркетінің жанында)  Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкелік өнімнің бағалары нарық бағасынан 10-15% – ға төмен болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-auyl/press/news/details/1200193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version