Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылы 13 сәуірде Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 57-ші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» № 49-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы және Сарысу аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешіммен қабылданды.

 

  

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1200535?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version