Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс бесінші сессиясы өтті
2026 жылғы 14 сәуірде сағат 10:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезектен тыс, алпыс бесінші сессиясы өтті.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:
1) Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылы 26 желтоқсандағы №59-2 «2026-2028 жылдарға арналған Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Жуалы аудандық мәслихаының 2025 жылғы 18 тамыздағы «Жуалы ауданының әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» №48-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 қарашадағы «Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын және жұмыс тобының құрамын қайта құру туралы» №54-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Әр түрлі мәселелер.
Кезекті сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы және тиісті бөлім басшысы қатысты.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhualy/press/news/details/1200480?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау