Свердловка ауылында ағаштарды кронирлеу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Юбилейная және Клубная көшелеріндегі жұмыстар толық аяқталды.
Бұл шаралар «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ағаштарды ретке келтіру – олардың дұрыс өсуіне, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және ауылдың көркін жақсартуға мүмкіндік береді.
Ауылымызды көркейту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-sverdlov/press/news/details/1200760?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау