СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ АНОНС (БҰДАН ӘРІ-СЖТІТ)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 2016 жылғы 19 Қазанда (№12) бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Алтай ауданы әкімдігінің «Алтай қаласының жылу-су орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі кәсіпорын қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларын жария талқылауды жүргізеді.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс қорытындыларын жария талқылау 2026 жылғы 22 сәуірде өтеді.

 

Осы іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, барлық мүдделі тұлғаларды оған қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпаратты тіркеу және алу үшін Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Пионерский тұйық көшесі, 18 мекенжайы бойынша Алтай ауданы әкімдігінің «Алтай қаласының жылу-су орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының комплаенс-қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Электрондық пошта: Mzdaimec@yandex.ru

 

Байланыс телефон нөмірлері 8/72335/7-89-53, 87713539127.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1200484?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version