Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Уланудың негізгі себебі – азық-түліктің жарамдылық мерзімін және дайындалған тағамды сақтау шарттарын сақтамау.
Тамақтан улану – бұл өткір ауру, әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүреді. Оның себебі қауіпті тамақ өнімдерін тұтыну болып табылады.
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
– өнімдерді сатып алғанда олардың жарамдылық мерзімін, қаптамасының бүтіндігін және иісін тексеру қажет.
– тамақ дайындау кезінде гигиена ережелерін сақтаңыз;
– көкөністер мен жемістерді, ыдыс-аяқты және ас құралдарын, сондай-ақ тамақ әзірлер алдында қолыңызды мұқият жуыңыз;
– жұмыртқаны сылар алдында оны сабынмен жуыңыз;
– ас үй сүлгілерін, ыдыс жууға арналған губкаларды жиі ауыстырып отырыңыз, өйткені оларда ауру тудыратын бактериялар жиналады;
– тоңазытқыштың бір бөлімінде шикі ет пен балықты дайын тағамдармен бірге сақтамаңыз;
– көп мөлшерде тамақ дайындамаңыз, дайын тағамдарды тоңазытқышта 24 сағаттан артық сақтауға болмайды;
– қоғамдық тамақтану орындарын таңдауда мұқият болыңыз.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, тамақтан уланудың алдын алу бойынша қарапайым шараларды сақтауды ұсынамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1200795?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау