«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАТЫРЫМЫЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ – 100 ТҮП ҚАРАҒАЙ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАТЫРЫМЫЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ – 100 ТҮП ҚАРАҒАЙ! Қарқаралылықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгін көктемгі тазалық, көгалдандыру жұмыстары барысында қазақтың тұңғыш ғарышкері, батыр жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына орай, Қарқаралы қаласындағы батыр атындағы көше бойында 100 түп қарағай ағашы отырғызылды. Шара басталмас бұрын, аудан әкімінің міндетін атқарушы Саят Қабиденұлы бұл акцияның мән-маңызына ерекше тоқталып, жерлестерді «Таза Қазақстан» акциясын бірлесе ұйымшылдықпен қолдауға шақырды және алдағы уақытта қала ішіне жасыл көшеттерді егу жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Денешынықтыру жаттығуларымен бой сергітіп алған қарқаралылықтар жұмысқа құлшына кірісіп, ұйымшылдықпен атқарып өтті. Қала басындағы мекемелер мен ұйымдар, депутаттар мен қоғамдастық өкілдері, ардагерлер мен ерікті жастар, жас отбасылар бірлесіп, іске асқан бірегей шара «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға бағытталып, биыл 80 жасқа толатын Тоқтар Оңғарбайұлына деген игі тілекпен іске асты.В РАМКАХ АКЦИИ «ЧИСТЫЙ КАЗАХСТАН» – 100 СОСЕН В ЧЕСТЬ НАШЕГО ГЕРОЯ! Жители Каркаралы продолжают работу в рамках акции «Чистый Казахстан». Сегодня в ходе весенних работ по благоустройству и озеленению, в честь 80-летнего юбилея первого казахского космонавта, нашего героического земляка Токтар Аубакиров, на улице, названной в его честь в городе Каркаралы, было высажено 100 саженцев сосны. Перед началом мероприятия исполняющий обязанности акима района Саят Кабиденович особо отметил значимость данной акции, призвал жителей сплоченно поддержать инициативу «Чистый Казахстан», а также подчеркнул, что в дальнейшем работы по озеленению города будут продолжены. После разминки жители Каркаралы с энтузиазмом приступили к работе и выполнили её организованно. В мероприятии приняли участие представители учреждений и организаций города, депутаты и представители общественности, ветераны и волонтерская молодежь, молодые семьи. Это значимое событие было направлено на поддержку акции «Чистый Казахстан» и прошло с добрыми пожеланиями в адрес Токтара Онгарбаевича, которому в этом году исполняется 80 лет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-besoba/press/news/details/1200176?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version