Экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында Ақтөбе су қоймасы аумағында Елек өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту бойынша «Таза су айдындары» акциясы өтті. Оған Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы, Ақтөбе орман шаруашылығы мен гидротехникалық құрылыстарға қызмет көрсету және басқа да мекемелердің 100-ге жуық мамандары мен қызметкерлері қатысты. Акция барысында 100-ден астам қап қоқыс жиналып, арнайы техникамен шығарылды Табиғатты қорғау, тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Экологиялық акция аудандарда да жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher-paidalanuy/press/news/details/1200233?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау