Тұрғын үй көмегі, әсіресе, аз қамтылған отбасылар мен азаматтардың басқа санаттары үшін өзекті болып қала береді.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3 VIII шешімі негізінде тағайындайды.
Қазақстандағы жалғыз тұрғын үй иелері тұрғын үй көмегін алуға құқылы, ол үшін отбасы Өскемен қаласында тұруы және тіркеуде болуы қажет.
Тұрғын үй көмегі коммуналдық төлемдерге және тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған шығыстары, жергілікті мәслихат белгілеген, осы мақсаттарға арналған шығыстардың рұқсат етілген шекті үлесінен асатын азаматтарға көрсетіледі.
Жоғарыда айтылған шешімге өзгерістер енгізілді: коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, бекітілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстауға жұмсалған шығындар мен мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың шекті рұқсат етілген үлесі 7%-дан 5%-ға азайды, бұл тұрғын үй көмегінің мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметке өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру тоқсанына бір рет:
- «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ
- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі порталда орналастырылады.
Кеңес алу үшін Шәкәрім даңғылы, 149/10 (18,19 кабинет) мекенжайы бойынша хабарласуға болады, байланыс телефоны 208556.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1200292?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау