Жамбыл облысы Полиция департаменті Тараз — Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 546–557 шақырым аралығында (ескі Күйік асуы) көлік қозғалысының уақытша жабылғанын хабарлайды.
Шектеу кезеңінде Тараз қаласынан Қаратау қаласы бағытына қарай көлік қозғалысы облыстық маңызы бар Тараз — Аса — Ақкөл — Саудакент және Аса — Қарабастау автожолдары арқылы өткізіледі.
Шымкент қаласынан Тараз қаласы бағытына қарай жүретін ауыр жүк көліктері үшін қозғалыс жаңа Күйік асуы арқылы жүзеге асырылады.
Жүргізушілерден сапарды алдын ала жоспарлауды, сақтық танытуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1200851?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау