Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің төрайымы Тәттігүл Талаева және кеңес мүшелері №2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, мекеменің жай-күйімен танысып, қоғамдық мониторинг жүргізді.
Кеңес мүшелері мониторинг барысында мекеменің материалдық-техникалық базасына, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасына, сондай-ақ ғимараттың жалпы жағдайына ерекше назар аударды.
Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша аталған мекемеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1201721?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау