Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысы әкімі аппаратымен бекітілген «Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы ІІ тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесіне» сәйкес бүгін Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы «Басқармалар үйі» ғимаратында орналасқан «Азаматтарды қабылдау орталығында» өңір тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Департамент басшысы азаматтардың еңбек қатынастары саласына қатысты, оның ішінде еңбек құқықтарының бұзылуы, еңбекақының төленбеуі, жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды түрде рәсімделу тәртібі, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының жүйелі рәсімделуі, жұмысқа орналасу және еңбек даулары бойынша білдірген өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Әрбір азаматтың мәселесі мұқият қаралып, еңбек кодексінің заңнамалық талаптары аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, жекелеген өтініштер бойынша нақты шешу жолдары ұсынылып, тиісті мемлекеттік еңбек инспекторларына жауапты органдарға жолдау міндеттемесі тапсырылды.
Азаматтарды жеке қабылдау – халықпен кері байланысты нығайтуға, тұрғындардың мәселелерін мерзімінде шешуге және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-шара.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау