🔰 ОТЫРАР: «ТҮРКІСТАН МАҚТА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ» ЖШС-ГІ АУМАҒЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНҒАН КЕҢЕС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Отырар ауданында орналасқан «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-гі аумағында инвестициялық жобаны іске асыру барысын, еңбек қатынастары мен еңбек даулары, сондай-ақ әлеуметтік шиелініс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылау бойынша кеңес өтті.
 
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков, Мемлекеттік еңбек инспекицясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы және тиісті сала басшылары мен кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Серіктестік аумағында жоспарланған жобалардың жүзеге асырылу кезеңдері, өндірістік процестерді ұйымдастыру, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
 
2026 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаевтың төрағалығымен өткен кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС–де жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібін, оның ішінде жергілікті және шетелдік жұмыскерлер бойынша міндетті түрде жасалуы және электронды тіркелуі тиіс еңбек шарттарының рәсімделу тәртібінің мәселелерін көтерді.
 
Сонымен қатар, Амангелды Салхудинұлы кәсіпорын аумағында өндірістік нысандарда жазатайым оқиғалардың алдын алу және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын рәсімдеу бағытындағы жұмыстарды жүйелі іске асыру міндеттілігін шегелеп өтті.
 
Сондай-ақ, Департамент басшысы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, шетелдік жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау үшін тиісті рұқсат алу, квота шеңберін сақтау және еңбек қызметін заңды түрде жүзеге асыру талаптарын кеңінен баяндады. Әлеуметтік қорғау бағытында шетелдік және жергілікті жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау, тең еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, тұрақты еңбекақының төленуін қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету талаптары түсіндірілді.
 
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, инвестициялық жобаны тиімді әрі қауіпсіз іске асыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1201544?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version