Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиында ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты үш маңызды мәселе қаралды.
✅Көктемгі әскерге шақыру науқаны
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының м.а. Оралбай Наурзалиннің айтуынша, биылғы шақыру жұмыстары 16 наурыз бен 30 маусым аралығында жүргізіледі. Мәртөк ауданының жастары Отан алдындағы борышын өтеуде жоғары белсенділік танытуда. Барлық жұмыстар ҚР Заңнамасына және Президент Жарлығына сәйкес атқарылуда.
💼Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау
Бөлім басшысы Алмас Құрманғалиев 1-тоқсанның қорытындысын баяндады:
Жұмыспен қамту: Жыл соңына дейін 1 834 адамды қамту жоспарланса, бүгінде 594 азамат (32%) белсенді шаралармен қамтылды.
Әлеуметтік көмек: Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға азайған. Бұл – аудан тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарып келе жатқанының көрсеткіші.
Ерекше қажеттіліктері бар жандар: Аудандағы 1072 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 49,8%-ы қажетті техникалық құралдармен және сауықтыру жолдамаларымен қамтамасыз етілді.
🌳Тазалық және көгалдандыру
ТҮКШ бөлімінің басшысы Айдос Қалимағамбетов абаттандыру жұмыстары туралы есеп берді:
Сенбіліктер: Осы уақытқа дейін 6 сенбілік өтіп, 170 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жұмысқа 1000-нан астам адам қатысты.
Көшет егу: Сарыжар, Құрмансай, Хазірет ауылдарында 600-ден астам көшет отырғызылды. Жалпы жоспар – 2400-ден астам тал егу.
Тәртіп: Тазалық қағидаларын бұзғандарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Бүгінде 44 хаттама толтырылып, 618 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Жиын соңында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1201598?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау