2026 жылғы 10 сәуірде Жетісу облысы бойынша МКД басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Н.А. Баймулдинов Панфилов ауданы бойынша МКБ-да, «Нұр жолы», «Алтынкөл жол» кеден бекеттерінде және «Қорғас» ШЫХО-да көшпелі семинар-кеңестер өткізді.
Семинарлар барысында Н.А. Баймулдинов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңдарының және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің ережелері мен талаптарын түсіндірді.
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу және профилактикасы мәселелері талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу мәселелеріне, соның ішінде лауазымды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына, кәсіпкерлікпен және басқа да ақылы қызметпен айналысуына, мүлікті сенімгерлік басқаруға беруіне және басқа да сұрақтарға ерекше назар аударылды.
Мүдделер қақтығысы, қызметтік әдеп және жұмыстан тыс уақыттағы әдеп ұғымдары түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1201592?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау