Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.
Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
2. Аудандық электр желілерінің ағымдағы жағдайы және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы.
Депутаттар ақпараттарды тыңдап, талқылап, тиісті қаулылар қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alga/press/news/details/1200953?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау