АУЫЛ ИМАМЫНА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Жаңаұйым елді мекенінде орналасқан «Жаңаұйым» мешітінің имамы Азамат Жанатұлына автокөлік табысталды.
 
Бұл игі бастама аудандық «Нұр» мешітінің ұсынысы негізінде жүзеге асып, «Ел ағалары» атты жомарт азаматтардың демеушілігімен ұйымдастырылды. Ел бірлігі мен ынтымағын ту еткен азаматтардың бұл әрекеті – ауыл имамдарының еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісі.
 
Арнайы ұйымдастырылған жиында ауданның бас имамы Үсен Саурбаев сөз сөйлеп, қайырымдылық жасап, қолдау көрсеткен ел ағаларына алғыс білдірді. Сонымен қатар, қазақы дәстүрге сай демеушілерге шапан жауып, алғыс хаттар табысталды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1201622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version