БӘЙДІБЕК: АҚБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ САРАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрпеис Ақбаевтың ауылдық округтерді аралау кестесіне сәйкес жұмыс сапары Ақбастау ауылдық округінде жалғасты.
 
Сапар барысында аудан басшысы Ақбастау ауылындағы орталық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізіп, елді мекеннің өзекті мәселелері мен даму бағыттарын талқылады. Кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді.
 
Іссапар аясында Ақбастау ауылындағы спорт кешеннің қазіргі жағдайымен танысып, нысанның жай-күйіне назар аударды.
 
Бұдан кейін жұмыс сапары Жолғабас ауылында жалғасып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан балалар ойын алаңшасы мен орталық саябақтың барысы қаралды. Сондай-ақ, Кеңес ауылына кіре беріс жол бойында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында егілген тал көшеттерінің жағдайы зерделенді.
 
Жалпы, сапар барысында инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйі, құрылыс жұмыстарының сапасы және тұрғындардың тұрмыс жағдайы назарға алынып, тиісті тапсырмалар берілді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1201694?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version