2026 жылғы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жүзеге асырылуындағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.
Аталған курс «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ базасында өткізіліп, оған аудан мектептерінен 23 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, өздерінің кәсіби білімдерін жетілдірді.
Курс барысында тыңдаушылар заманауи оқыту әдістерін меңгеріп, оқу мақсаттарын нәтижеге бағыттаудың тиімді жолдарын терең түсінді. Теория мен тәжірибе ұштасқан бұл курс мазмұнды әрі мағыналы өтті.
Курсты тәжірибелі тренер Динара Бурабаевна жоғары деңгейде жүргізіп, оқу процесін сәтті ұйымдастырып, курстың өз мақсатына жетуіне ықпал етті.
Курс тыңдаушылары атынан тренер Динара Бурабаевнаға кәсіби шеберлігі мен біліктілігі, сондай-ақ мазмұнды әрі сапалы білім бергені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1201627?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау