Белое ауылындағы апаттық мектепке жұмыс сапары
Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы «Белое орта мектебі» КММ ғимаратын бұзу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Белое ауылына барып келді.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың 3 сәуірінен бастап «Пеньков орта мектебі» КММ-не (S=6 км) Белое орта мектебінің оқушыларын күнделікті тасымалдау ұйымдастырылған. Тасымалдау үшін 2 бірлік автокөлік тартылды. Оқу процесі екінші ауысымда ұйымдастырылған.
Қызылжар ауданының білім бөлімінің басшысы Алма Амангелдіқызы Нұрғалиеваның ақпараты бойынша Қызылжар ауданының әкімдігі нысанды кейіннен кәдеге жарату туралы шешім қабылдады. «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ мердігер ұйыммен ғимаратты бұзу жұмыстарын жүргізуге шарт жасасты.
«Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ оң сараптама алған ЖСҚ әзірледі. Жобаның сметалық құны 1,4 млрд. теңге. Жаңа мектеп салу үшін 120 орындық типтік жоба таңдалды, жоба екі жылдық. Мектеп құрылысына мердігер «Зерттеу СК» ЖШС анықталды.
Департамент басшысы жұмыс сапары барысында ғимаратты бұзу жұмыстарын жүргізу үшін мердігерлік ұйымның жұмыс процесін зерттеді, сондай-ақ Белое мектебінің директорына жұмыс барысын бақылау бойынша тиісті ұсыныстар берді.
Бұл мәселе Департаменттің тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1201664?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау