Маңғыстау облысының прокуратурасы «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы аясында бүгін үш балабақашада «Біздің қаһармандар» атты іс-шара өткізіп, оған шамамен 70 тәрбиеленуші қатысты.
Іс-шара балаларды қаһармандар бейнесімен прокурор, полиция қызметкері, өрт сөндіруші және дәрігер сияқты мамандықтар мысалында таныстыруға бағытталған.
Интерактивті әрі қолжетімді форматта балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері, жолда өзін қауіпсіз ұстау, жеке гигиена негіздері, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақтық шаралары түсіндірілді.
Кездесу барысында танымдық ойындар, тақырыптық викториналар және тәжірибелік көрсетілімдер ұйымдастырылып, балалардың ақпаратты жақсы меңгеруіне мүмкіндік жасалды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар мамандық иелеріне деген сенім мен құрметті ерте жастан нығайту.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1201630?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау