🪤Аудан орталығынан 94 км шақырым жерде орналасқан Ақтасты ауылына газ құбырларын тарту жұмыстары басталды.
🔷Бұл – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды әрі игі бастама. Аудан әкімі Д. Тоғызбаев арнайы барып, құрылыс алаңындағы жұмыстардың барысымен танысты.
🪚Құрылыс жұмыстарын «Gazmart» ЖШС жүргізуде. Газ құбырының жалпы ұзындығы — 23,4 шақырым.
📌Айта кетейік Әйтеке би ауданы бойынша 18 елді мекеннің 17828 тұрғыны яғни халықтың 87% газдандырылды.
📅 Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары — 5 айға жоспарланған, дегенмен мердігер мекеме ертерек бітіруді жоспарлап отыр.
✅Бүгінде дайындық және алғашқы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба толық аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізіп, өмір сүру жағдайы айтарлықтай жеңілдейді деп күтілуде.
📌Сонымен қатар Жабасақ және Тұмабұлақ ауылдарына да жеткізуші және ауылішілік газ құбырын тарту жоспарлануда.
☑️Ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi-zhabasak/press/news/details/1201637?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау