Құрметті желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының м.а. Ә.Бектұрғановпен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Кентау қаласы әкімдігінде ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары ағымдағы жылдың 20 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралы арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: + 7 701 579 80 52 Пазилов Нурсултан Абдирашович – Бәйдібек ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы.
Эл почта: zan_01.01.2019@mail.ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1201706?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау