КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Күн тәртібіне көшпес бұрын аудан әкімі Шет ауданының ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған Олжас Жұмагелдыұлы Төлеубаевты барша әріптестерінің алдында таныстырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1.Көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының іске асырылуы;
Көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы Қорғаныс істері біріктірілген бөлімінің басшысы А. Карашин баяндама жасады. Аудан бойынша жоспардың орындалуы мен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы шаралар сөз болды.

2.Жылу беру маусымы және ағымдағы жағдай
Жылу беру маусымының соңғы кезеңінің өту барысы сараланды. Жауапты тұлғаларға от қазандықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және алдағы маусымға дайындық жоспарын құру тапсырылды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы
Мемлеке басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудандағы санитарлық-тазалық жұмыстары талқыланды. Ауылдық округтердегі абаттандыру, қоқыс шығару және елді мекендерді ретке келтіру бойынша әкімдерге нақты мерзімдер белгіленді.
Жиын соңында аудан әкімі барлық бағыттар бойынша жұмыстарға бақылау күшейтуді тапсырды. Әрбір көтерілген мәселе бойынша нақты тапсырмалар хаттамаға енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1201242?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version