Теректі ауылындағы кездесуден кейін кезекті кездесуі аудан әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Шұғылбай ауылының тұрғындарымен өткізді.
Кездесу барысында Көкпекті ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған негізгі міндеттер туралы ақпарат беріп, тұрғындардың ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдады.
Тұрғындар тарапынан келесі мәселелер көтерілді:
– таза ауыз су мәселесі;
– ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мәселелері;
– ауылдағы эпизоотиялық ахуал.
Таза ауыз су мәселесіне тоқтала келе, Шұғылбай ауылында 2023 жылы басталып, аяқталмай қалған су құбыры желілерінің құрылысы биыл қайта басталатынын атап өтті. Құрылысты қайта іске қосу үшін облыс әкімінің қолдауымен облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мәселелері мен эпизоотиялық ахуал бойынша тиісті сала басшыларына ауылға барып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1201184?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау