КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ: УНИВЕРСИТЕТТЕ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға оқытушылар, сарапшылар және студенттер қатысты.Кездесу барысында мұндай шаралардың мемлекет пен қоғамдағы өзгерістерді тереңірек түсінуге, ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Спикерлер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасына тоқталып, ел болашағы азаматтардың бірлігіне, білімге ұмтылысына және ұлттық құндылықтарға деген құрметіне байланысты екенін жеткізді. Сондай-ақ құқықтың қоғаммен бірге дамитыны, құқықтық мәдениет пен жауапкершіліктің маңыздылығы айтылды.

Жиын барысында жастардың ел болашағындағы рөліне, білім мен ғылымның, рухани құндылықтардың маңызына ерекше назар аударылды. Ұлттық мұра мен құқықтық мәдениет мемлекеттің тұрақты дамуының негізі екені айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1201554?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version