«Мағжан оқулары» облыстық байқауының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 сәуірде «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің базасында 7–11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.

«Мағжан оқулары» байқауының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау және мектеп оқушыларының классикалық әдеби шығармаларды оқуға қызығушылығын арттыру.

Іс-шараға 3 қаладан, 10 ауданнан және 9 мамандандырылған мектептен 8–11 сыныптардың 54 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 30 оқушы жүлделі орындарға ие болды: І орын – 4, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 17.

«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» (Мағжан шығармаларын жатқа оқу) бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласындағы Атығай ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Береке Қаракөз марапатталды; ІІ дәрежелі дипломмен Аққулы ауданы Тлектес ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Жұмажанова Лаура, «Жас дарын» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Әлібек Әлі, Баянауыл ауданы Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Тұрсынбек Ботагөз; ІІІ дәрежелі дипломмен Қабылбеков атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Аманкелд Алтанхан, Успен ауданы Константинов ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Әсембек Назерке, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Асылбек Исламбек марапатталды.

 «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Сәрсенбай Нұрсәт марапатталды; ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласындағы №47 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Мұртбек Мөлдір, Аққулы ауданы Қазантай ОМ-нің 9-сынып оқушысы Мұхамаденова Жансая; ІІІ дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласындағы №11 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Әбдікадирова Аяжан, Ақтоғай ауданы Естай атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Қайыржан Мөлдір, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Әбдірайымов Ержігіт, «Жас дарын» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Медиғат Кәусар, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы МИ-нің 10-сынып оқушысы Қайрат Бекарыс, облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Өміржан Әбілмансұр марапатталды.

«Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» І дәрежелі дипломмен Павлодар қаласындағы №29 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Абдувалиева Жансұлу марапатталды; ІІ дәрежелі дипломмен Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Серікбай Мансұр, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ахметова Зинира марапатталды; ІІІ дәрежелі дипломмен Ертіс ауданы Қызылқақ ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Усина Жансұлу, Ертіс ауданы №2 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Әрен Әдемі, Тереңкөл ауданы Қызылтаң ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Ғосман Назым, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 9-сынып оқушысы Дошмат Айсұлтан, Екібастұз қаласындағы №26 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Успанова Анель, Шарбакты ауданы №2 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Братченко Маргарита, Железин ауданы №3 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Сәрсенбаева Дильназ марапатталды.

«Бәрінен де сен сұлу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласындағы №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы Кенжетай Рабиға марапатталды; ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласындағы №25 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Сарқыт Әдемі, Ақсу қаласындағы №8 ОМ-нің 9-сынып оқушысы Попукалова Маргарита; ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар ауданы Мичурин ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Орынберген Аягөз марапатталды.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Петропавл қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1201490?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version