«Мемлекеттік қызметтің болашақ көшбасшылары» атты спартакиада ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық рухты нығайту, сондай-ақ болашақ мемлекеттік қызметшілердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту болды.
Спартакиада аясында аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары белсенді қатысып, әртүрлі спорттық жарыстарда өзара бақ сынасты. Әсіресе ұлттық спорт түрлеріне ерекше мән беріліп, оқушылар арасында дәстүрлі Көкпар ойыны бойынша жарыс өткізілді.
Көкпар сайысы барысында қатысушылар ептілік, жылдамдық, батылдық және командалық үйлесімділік секілді қасиеттерін көрсетті. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл ұлттық ойын жас ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды қалыптастырып, ата-баба дәстүріне деген құрметті арттыруға ықпал етті.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Мұндай спартакиадалар жастардың жан-жақты дамуына, олардың бір-бірімен ынтымақтастығын арттыруға және болашақта қоғамға қызмет етуге дайын азамат ретінде қалыптасуына оң әсерін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1201285?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау