«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 17 наурызда сағат 17:00-де облыс прокуратурасының ресми Instagram-парақшасында тікелей эфир өтті.
Эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, соттармен алқабилердің қатысуымен қаралатын істерге, есірткі қылмысына, интернет-алаяқтыққа ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ үкімдерді орындауға қатысты өзекті мәселелер, атап айтқанда, мекемелерде заңның сақталуы қалай бақыланатыны, сотталғандар мен олардың туыстарының қандай құқықтары бар және бұл ретте прокуратура қандай рөл атқаратыны түсіндірілді.
Облыс прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында халықты ақпараттандыруды және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1201716?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау