Велосипедті бір сәтке қараусыз қалдыру — оның ұрлану қаупін арттырады. Осыған байланысты полиция тұрғындарды қарапайым ережені қатаң сақтауға шақырады.
Назар аударыңыз: мүліктің сақталуы ең алдымен иесінің өзіне байланысты.
Велосипед ұрлығының алдын алу үшін:
Қысқа уақытқа болса да велосипедті міндетті түрде арнайы құлыппен бекітіңіз;
Түнде велосипедті далада қалдырмаңыз;
Велосипедті суретке түсіріп, сақтап қойыңыз;
Қос дөңгелекті көліктің маркасын, моделін және сериялық нөмірін жазып алыңыз;
Күмәнді жағдайларды байқасаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.
Есте сақтаңыз: қараусыз қалған велосипед — ұрылар үшін оңай олжа болмақ. Сондықтан кез келген жағдайда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған жөн. Абай болыңыз! Мүлкіңізді қорғаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1201604?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау