Қала әкімі Ернат Бәзіл Индонезия Республикасының Елшісін қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахманды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту бағыттарын жан-жақты талқылады. Индонезия тарапы Қазақстаннан ет және майлы дақылдарды экспорттау, сондай-ақ сауда-экономикалық қарым-қатынасты жандандыру бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде қала әкімі Ернат Бәзіл бұл ұсыныстардың маңыздылығын атап өтіп, оларды жан-жақты қарастыруға дайын екенін білдірді.

Қала әкімі Ернат Бәзіл:

«Біз халықаралық әріптестікке әрдайым қолдау білдіруге дайынбыз. Ұсынылған бастамалар өзара тиімді байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Барлық ұсыныстарды тиісті деңгейде қарап, нақты жұмыс бағыттарын айқындаймыз. Сонымен қатар, индонезиялық әріптестерімізді еліміздің туристік аймақтарына келіп, Жетісу өңірінің әсем табиғатымен танысып, ерекше әсер алып қайтуға шақырамыз», – деді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Индонезия елшісі Мохамад Фаджрул Рахман Жетісу өңірінің бірегей табиғи және туристік нысандарына ерекше қызығушылық танытты. Атап айтқанда, мамыр айында Сарқан ауданында өтетін «Сиверс алма ағашының гүлдену фестивалі», шілде айында Алакөл ауданында жоспарланған «Алакөл толқыны» жазғы музыка фестивалі және қазан айында Кербұлақ ауданында өтетін «Алтынемел – құландар мекені» фестиваліне арнайы келіп қатысатындықтарын жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1201710?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version