ҚАЛАНЫ ЖАҢБЫР СУЫНАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау қаласында нөсер жаңбырдан кейін су сору жұмыстары жедел ұйымдастырылып, қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Кешеден бері барлығы 10 150 текше метр жаңбыр суы шығарылып, қазіргі уақытта бұл жұмыстарға 45 вакуум техникасы жұмылдырылған.

Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс істеп, қала көшелері мен әлеуметтік нысандардың аумақтарын тазарту шараларын жүйелі түрде атқаруда. 109 Бірыңғай байланыс орталығына тұрғындардан түскен өтініштер жедел қаралып, су жиналған учаскелер кезең-кезеңімен құрғатылып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1201536?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version