Қарағанды қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Д.В. Дедовтың төрағалығымен Қарағанды қаласының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы туралы кезекті сессияда қаралатын мәселені талқылау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қарағанды қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Д.В. Дедовтың төрағалығымен Қарағанды қаласының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы туралы кезекті сессияда қаралатын мәселені талқылау басталды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына қала бюджетінің жоспарлануы мен орындалуы саласындағы уәкілетті органның басшысы А.К. Апакакашева қатысты.
Бірлескен отырыс барысында:
– «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ басшысы Б.К.
– «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Д.А. Шакенов,
– «Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Т.Е. Абылкасымов,
– «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы О.П. Шотт есепті жылы бюджет бағдарламаларын іске асырудың тікелей және түпкілікті көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат ұсынды.
Аталған әкімшілер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері, сондай-ақ бюджет бағдарламаларын іске асырудың тиімділігі толық көлемде қамтамасыз етілді.
Қарағанды қаласының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы туралы мәселені қарау жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1201300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version