Қарақия ауданы Полиция бөлімі Әкімшілік полиция тобы Жол және техникалық инспекциясымен бірлесіп, балалардың жол-көлік оқиғаларынан зардап шегуінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында мектеп оқушыларын тасымалдайтын көліктердің техникалық жағдайы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, сондай-ақ жүргізушілердің құжаттары тексерілді.
Тексеру кезінде келесі талаптарға ерекше назар аударылды:
• қауіпсіздік белдіктерінің болуы;
• алғашқы көмек қобдишасының жарақталуы;
• өрт сөндіргіш құралдардың болуы;
• арнайы танымдық белгілердің орнатылуы.
Жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
⚠️ Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда!
https://www.instagram.com/reel/DXE00WcjbET/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1201675?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау