Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Суретшілер және қолөнершілер одағының мүшесі, белгілі шебер Құрбанәлі Ағаділовпен «Шебер қолдың шежіресі» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Кештің шымылдығы аудандық мәдениет үйі фойесінде ұйымдастырылған шебердің «Дала өрнектері» атты көрмесімен түрілді. Көрмеге қойылған ұлттық нақыштағы қолөнер туындылары мен ою-өрнекке бай шығармалар көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды. Әрбір туындыдан қазақ халқының бай мәдениеті, салт-дәстүрі мен рухани мұрасы айқын аңғарылды.
Кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, мәслихат депутаттары Нұрдаулет Ажибаев пен Болат Умутбаев қатысып, кештің мазмұнын арттыра түсті.
Кеш барысында Құрбанәлі Ағаділов қолөнер саласындағы шығармашылық жолы, ұлттық өнерді дәріптеудегі ізденістері мен тәжірибелері жайында кеңінен әңгімелеп, жастарға тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара ұлттық өнердің қадір-қасиетін насихаттаған мазмұнды рухани кешке ұласты.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау