Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Е. Садырбаевтың тапсырмасына сәйкес қауіпті өндірістік объектілердің бірінші басшыларының қатысуымен жиын өтті. Іс-шара «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануына жол бермеу» тақырыбында ұйымдастырылды. Жиын барысында бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау мәселелері қаралды. Қатысушыларға ҚР ТЖМ және департаменттің бірыңғай сенім телефондары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамалар аясында заңсыз сыйақы беру және алу, мүдделер қақтығысы жағдайлары және олар үшін көзделген жауапкершілік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар айтылды:
- бақылау-қадағалау рәсімдерінің ашықтығын арттыру мақсатында цифрлық форматты кеңінен енгізу
- мемлекеттік инспекторлар мен кәсіпорын өкілдері арасындағы барлық коммуникацияны ресми арналар арқылы жүргізу
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді күшейту
- қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының тұрақты сақталуына мониторингті арттыру
- қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңдылықты сақтау және өзара іс-қимылды күшейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1201581?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау