Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен өткен жиналыста жергілікті бюджет түсімдерін қамтамасыз ету жолдары, салық базасын ұлғайту мәселелері талқыланды. Оған мемлекеттік кіріс департаменті, облыстық басқармалар, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері қатысты.
Жиында жоспарланған салық түсімдерін толық қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырма берілді.
«Салық базасын ұлғайту – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселенің бірі. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін барлық кіріс көзін толық қамтып, бюджет түсімдерін арттыру – басты міндет. Бұл бағытта әлеует жеткілікті. Ең бастысы, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жұмысты жүйелі үйлестіру қажет», – деді Данияр Еренғалиұлы.
Сондай-ақ мемлекеттік кірістер департаментімен тығыз жұмыс жасау, қосымша резервтерге сүйеніп, түсімнің жоспарын орындау тапсырылды. Бұл өз кезегінде қала және аудандар шығындарын толығымен қаржыландыруға әсер етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1201662?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау