Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында тұрғындар арасында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде. Іс-шара барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, аула аумақтарында қоқыс пен құрғақ шөпті өртеуге жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындарға жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, қауіпсіз орындарды анықтау және алғашқы көмек көрсету тәртібі бойынша кеңестер берілді. Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында ата-аналарға қорғаныс құралдарын орнату және балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1201393?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау