Стресс – ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге беретін табиғи жауабы. Қысқа мерзімде ол пайдалы болуы мүмкін, өйткені ресурстарды жұмылдыруға және қиын жағдайларды еңсеруге көмектеседі. Алайда стресс ұзақ уақытқа созылғанда немесе созылмалы сипат алғанда, денсаулыққа кері әсерін тигізіп, созылмалы аурулардың дамуына елеулі қауіп факторы бола алады.
Созылмалы стресс жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуымен тікелей байланысты. Артериялық қан қысымының жоғарылауы, жүрек соғысының жиілеуі және қан тамырларының тарылуы гипертония, миокард инфаркті және инсульт қаупін арттырады. Сонымен қатар стресс зат алмасу үдерістерінің бұзылуына ықпал етіп, семіздік пен қант диабетінің дамуына әкелуі мүмкін.
Физиологиялық салдарлардан бөлек, стресс адамның мінез-құлқына да әсер етеді. Адамдар жиі зиянды әдеттерге – темекі шегуге, алкоголь тұтынуға, артық тамақтануға келеді, бұл өз кезегінде созылмалы аурулардың қаупін одан әрі арттырады.
Стрестің жағымсыз әсерінің алдын алу мыналарды қамтиды:
- еңбек пен демалыс режимін сақтау
- тұрақты дене белсенділігі
- жеткілікті ұйқы және дұрыс тамақтану
- жаңалықтарды көру уақытын шектеу
Осылайша, стресс – созылмалы аурулардың маңызды қауіп факторы. Стресті дер кезінде анықтау және оны басқару – денсаулықты сақтаудың және өмір сапасын арттырудың маңызды құрамдас бөлігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1201187?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау