Отырар ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы м.а. А.Бектұрғановпен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесінің
негізінде а.ж. 20 сәуір – 4 маусым аралығында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін хабарлайды.
Ішкі талдау объектісі: Отырар ауданы әкімігінің құрылымдық бөлімдері мен ауылдық округі әкімдерінің аппараттары.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жыл – 2026 жылғы 4 маусым аралығы.
Ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше: Отырар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімі (байланыс тел.: 8(72544) 79-2-33).
Ішкі талдаудың негізгі бағыттары:
1) Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
4) Бақылау-тексеру функцияларды жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
5) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
6) Қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1200901?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау