Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және осы бағыттағы басым міндеттерді талқылауға арналған кездесу өтті.
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Онымен күресу, парақорлыққа жол бермеу және жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарау – ұдайы назарда. Осы мақсатта, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында өңірлік бөлімдер мен оқыту орталықтарында жемқорлық мәселесіне қатысты семинар-кездесулер ұйымдастырылуда.
Семинар спикері – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-түсіндіру пулының мүшесі Жомарт Әбішев. Бүгінгі семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетіктері, адал қызмет қағидаттары, мемлекеттік қызметшінің кәсіби ұстанымы мен әрбір маманның жеке жауапкершілігі туралы жан-жақты баяндады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1201214?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау