«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нұра ауданында аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға арналған кезекті жұмыс жиыны өтті. Жиын барысында елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша есеп тыңдалды. Баяндама барысында бірқатар бағыттар бойынша жұмыстардың баяу жүріп жатқаны атап өтіліп, әсіресе цифрлық өтініштермен жұмыс жүргізу деңгейін арттыру қажеттігі көтерілді. Сондай-ақ елді мекендерде ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Аудан әкімі алдағы уақытта өтетін республикалық «Таза Қазақстан» акциясына дайындық мәселесіне ерекше назар аударып, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді және барлық жауапты құрылымдардың үйлесімді жұмыс істеуін тапсырды.

Жиын барысында қоғамдық тәртіпті сақтау және санитарлық талаптардың сақталуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат беріліп, бейнебақылау жүйелері арқылы анықталған құқық бұзушылықтар, әкімшілік шаралар және салынған айыппұлдар туралы мәліметтер қаралды.

Сонымен қатар коммуналдық саладағы жұмыстардың барысы талқыланып, елді мекендердегі рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, инфрақұрылымдық нысандарды ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жеделдету қажеттігі айтылды.

Ауылдық округтер мен кенттердегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есептер тыңдалып, тазалықты сақтау, бос және қираған нысандарды анықтау және оларды жою, сондай-ақ қоғамдық орындарды ретке келтіру мәселелері көтерілді. Кейбір елді мекендерде жұмыстардың қарқынын арттыру қажеттігі ескертілді.

Ішкі саясат бағытындағы жұмыстар бойынша ақпараттық-түсіндіру шаралары мен қоғамдық бастамалардың жүзеге асырылу барысы қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстардың жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатқаны атап өтіліп, белсенділікті арттыру тапсырылды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі «Таза Қазақстан» бағдарламасы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы екенін атап өтіп, барлық жауапты бөлімдер мен ауыл әкімдеріне жұмысты күшейтіп, нақты нәтижелерге қол жеткізуді міндеттеді. Сонымен қатар алдағы бақылау және тексеру шараларына дайындықты күшейту қажеттігі ескертілді.

Жиын соңында барлық құрылымдарға «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын сапалы әрі тиімді жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1201690?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version