Көкшетау қаласында өткен ауқымды плоггингке мыңға жуық тұрғын қатысып, соңғы жылдардағы келушілер саны бойынша рекорд жаңартты. Қатысушылар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті алдынан бастау алып, Бұқпа төбесіндегі бақылау алаңына дейінгі аралықты еңсеріп, жүгіріс барысында қоқыс жинау арқылы қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Экологиялық акцияға ресми түрде қала әкімі Әнуар Күмпекеев бастау беріп, мұндай бастамалардың экологияны жақсартумен қатар, қоғамдық бірлікті нығайтып, табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті.
Қалада плоггинг қозғалысының танымалдығы қарқынды түрде артып келеді: өткен жылы өткізілген 12 іс-шараға барлығы мыңға жуық адам қатысса, биыл дәл осындай көрсеткішке алғашқы бір ғана жүгірудің өзінде қол жеткізілді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да бұл бастаманы жүйелі түрде жалғастырып, спорт пен экологиялық жауапкершілікті қала тұрғындары мен жастар арасында кеңінен таралған бұқаралық қозғалысқа айналдыруды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/press/news/details/1201736?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау