Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде даңқты боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнирі басталды. Биылғы жарыстың ерекшелігі 90 жылдығына арналып отыр.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов және бапкердің жары Күлпаш апа қатысып, жарысқа жиналған спортшыларға сәттілік тіледі.
Халықаралық додаға Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Кувейт, Қырғызстан мемлекеттері мен Қазақстанның барлық өңірлерінен 150-ге жуық былғары қолғап шебері жиналды. Қатысушылар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, шаршы алаңда өзара мықтыны анықтайды. Турнирде түркістандық боксшылар да жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.
Айта кетейік, мұндай ауқымды халықаралық жарыстар өңірде бокстың дамуына серпін беріп қана қоймай, жастарды спортқа баулуда маңызды рөл атқарады.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау